Үздіктер мен көшбасшылар анықталды

17.10.17

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2016-2017 оқу жылындағы рейтингісі анықталды. Бағалау ісін оқу ордасындағы ғылыми - зерттеу бағдарламаларын сараптау бөлімі жүргізді. Құжат «ОҚМПИ оқытушы-профессорларының қызметін бағалау рейтингін анықтау көрсеткіштері» деп аталады. Құжатта оқытушы-профессорлардың қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 16 түрлі көрсеткішке негізделіп, сарапталды. Сондай-ақ оқу-әдістемелік жұмыстары 11 түрлі көрсеткіш бойынша, қоғамдық және тәрбие жұмыстары 8 түрлі көрсеткішке сәйкес бағалау ұпайлары анықталып, бекітілді. Факультеттер арасында рейтингтің жалпы ұпайы бойынша 1-орынды «Жаратылыстану» факультеті, 2-орынды «Физика-математика» факультеті, 3-орынды «Педагогика-гуманитарлық» факультеті иеленді. Ал бірінші оңдыққа кірген оқытушылардың рейтинг көрсеткіші 2015-2016 оқу жылында ең жоғары 970 балл болса , биылғы жылы 1486,75 балл болды. Олардың ішінде 2 профессор-оқытушы: Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы (604 ден 1486,75 ұпайға дейін), Мәдібекова Ғалия Муталиевна (534 ден 575,74 ұпайға дейін) рейтинг көрсеткіштерін жоғарылатып 2 жыл бойы жоғары көрсеткіштерге жетті.