Оқу ордасы 80 жылдық мерейтойын атап өтпек

12.10.17

Алдағы қараша айында еліміздегі іргелі оқу орыны  ОҚМПИ-ны өзінің  80 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Осы салтанатты мерекеге шашу ретінде оқу ордасы жанынан құрылған "Нұр-Шаңырақ" студенттер театры жаңа қойылымды сахналайды. Сондай-ақ ақындардың республикалық айтысы ұйымдастырылады. Мұнан бөлек  атаулы күнде білікті маман даярлаудағы тың ізденістер тақырыбында  ғылыми практикалық конференция өтеді. Институттағы әрбір факультетте ашық сабақтар өткізіліп, оқу ордасының түрлі жылдардағы  түлектерімен  кездесулер болады. Мерейтойдан өнерпаз жастар да тыс қалмайды. Олар мерейтой қонақтары мен ұстаздарды  концерттік бағдарламаларымен қуантпақ.