Рухани жаңғыру-ұлт болашағы

12.10.17

 

"Хабар" телеарнасындағы белгілі саясаткер Мәулен Әшімбаев жүргізетін "Ұлттық код" телехабарының  кезекті көрсетіліміне ОҚМПИ-ның доценті, тарих ғылымының кандидаты Гүлжан Сүгірбаева қатысты. Ғалым хабар барысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи-мәдени мұралар жайлы, "Туған жер" бағдарламасының жүзеге асырылуы және мәдени туризм саласының өркендеуі жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Ұлттық санаға сілкініс беретін өзге де мәселелер жайын қозғады.