Жастарға жұмысқа орналасу жайы түсіндірілді

05.10.17

ОҚМПИ-ның бітіруші студенттеріне "Жастар практикасы" және "Дипломмен ауылға" бағдарламаларының  артықшылығы мен негізі мақсаты түсіндірілді. Басқосуға музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, екі шет тілі, кәсіптік оқыту мамандықтарының студенттері қатысты. Болашақ маман иелері үшін маңызды кездесуді оқу ордасының кәсіптік бағдар беру, жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімі мен "Жастар ресурстық орталығы" бірлесіп ұйымдастырды.