Институт студенттері Универсиаданың финалдық ойындарына жолдама алды

04.10.17

ОҚМПИ-ның жүзге тарта студенті еліміздегі жоғары оқу орындары арасында өтіп жатқан ІХ жазғы Универсиаданың финалдық сайыстарында күш сынасуда. Олар спорттың самбо, дзюдо, қазақ күресі, каратэ-до, футбол, су добы, армрестлинг және садақ ату түрі бойынша өзара ең мықтыны анықтайтын болады. Универсиадаға еліміздегі 60 жоғары оқу орнының спортшылары қатысып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы ОҚМПИ-ның құрама командасы ең мықты алтылықтың сапына енген болатын.