Тіл-ұлт қазынасы

04.10.17

Институтымызда Қазақстан халықтарының  тілдері мерекесіне орай "Мемлекеттік тіл - Қазақстан халқын біріктіретін тіл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған ұйытқы болған Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі  мамандығының І курс студенттері. Топтың тәлімгері С. Үсенбаева дөңгелек үстел барысында  студенттермен тіл жайындағы өлеңдер мен мақал-мәтелдерді талдап, оның мәнін түсіндіріп берді. Басқосуға Жапонияның тумасы Яско Конго да қатысты. Киото қаласында ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алып,  Мацуе  қаласындағы жоғары мектебінде еңбек еткен ол  жапон тілімен қатар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін де еркін меңгерген. Яско Конго бүгінде  қазақтың белгілі жазушысы Қуандық Түменбайдың шаңырағына келін болып түскен. Сондықтан да ол қазақ тілі ендігі жерде отбасымның, ұрпағымның, Отанымның тілі деп қабылдап, оны терең меңгеруге барын салады. Дөңгелек үстелде сондай-ақ латын қаріпіне көшу жайы да сөз болды. Оның пайдалы тұстарына туралы пікірлер айтылды. Басқосу соңында студенттердің сұрауы бойынша жапон қызы Яско  Конго халық әні "Бір баланы" шырқап берді.