ОҚМПИ өкілі-Қытайда

02.10.17

ОҚМПИ доценті, философия ғылымының кандидаты Әбдіжаппар Тұрашбеков қазақстандық делегация құрамында Қытай Республикасында болып қайтты. Ол бұл жолдаманы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай "Казахстанская правда" газеті мен Қытай елшілігінің ұйымдастыруымен өткен байқауда жеңіп алған болатын. Байқау мақсаты Ұлы Жібек жолы бойындағы екі елдің байланысы мен қарым-қатынасын нығайту болып отыр.