Лина Каримова - әлем чемпионы

02.10.17

ОҚМПИ 2 курс студенті Лина Каримова тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсеке Астана қаласында өтті. Лина сайыстың рапид түрінде жеңімпаз болды. Ойынның бұл түрі шапшаңдыққа негізделген. Ұзақтығы небәрі 20 минут. Лина Каримова сондай-ақ осы жарыста халықаралық спорт шебері атағын абыройлы қорғап шықты. Шәкіртімізді жүлделі жеңісімен құттықтаймыз!