Ұлттың тілі-ұлттың жаны

02.10.17

"Ұлттың тілі-ұлттың жаны." Оқу ордамызда осындай тақырыпта әдеби сазды кеш өтті. Оны ұйымдастыруға филолгия факультеті ұйытқы болды. Басқосуда бүгінгі күннің маңызды мәселесі болып отырған қазақ тілін латын қаріпіне көшіру жайы жан-жақты сөз болды. Кеш барысында сондай-ақ институт табалдырығын енді ғана аттаған 1 курс студенттері көпшілікке ана тілі тақырыбындағы өлеңдерін оқып берді. Әдеби шараны қорытындылаған филология факультетінің деканы Нариман Нұрпейісов "туған тілді ардақтау әрбір азаматтың парызы" деп сөзін түйіндеді. Әсем әуен және әсерлі әңгімемен өрілген әдеби сазды кештен ұстаздар мен шәкірттер рухани қуат алып тарқасты