ОҚМПИ студенттері Польшаға жиналуда

02.10.17

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша күзгі семестрден бастап ОҚМПИ-ның 10 студенті оқуын шет елде жалғастыратын болды. Оның ішінде екі шет тілі мамандығының 2 және 3 курс студенттері Мадина Тимирова, Дина Батырбай, Наргиза Қапашова және Гүлтаза Абдиева Латвияның Балтық халықаралық академиясында білім алады. Олармен бірге қос диплом бағдарламасы бойынша Салтанат Байғазы мен Айдана Асқар да аталмыш оқу ордасында оқымақ. Студенттердің енді бір тобы тарих мамандығының 2 курс студенті Элизавета Добранова, бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі мамандығының 2 курс студенті Фотима Зухритдинова, екі шет тілі мамандығының 3 курс студенттері Нурида Сатиева мен Мадина Жақия Польша еліне барады. Шәкірттеріміз Лодзь университетінде білім алады.