ОҚМПИ түлектері жұмысқа орналасуда

02.10.17

Өткен оқу жылында ОҚМПИ-ын 670 студент бітіріп шыққан болса, олардың барлығы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Білім ордасының түлектеріне әсіресе, еліміздің Солтүстік өңірлерінен сұраныс жоғары. Былтыр Шығыс Қазақстан облысы педагогикалық мамандықтар бойынша 341 бос орын бар екенін айтып сұраныс жолдаған. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы да 151 жұмыс орыны бар екенін хабарлаған болатын. Ал Қарағанды облысы «Музыкалық білім», «Дефектология», «Бастауыш білім» мамандықтары бойынша орыс тілді мамандарға зәрулігін айтып, ресми хат жазған. Осы сұраныс негізінде педагогикалық іс-тәжірибеде өзін үздік маман ретінде көрсете білген бітірушілер жұмысқа қабылданды. Олардың ішінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұалімі болып оқуын тәмамдаған Абай Бегалиев ШҚО Ұлан ауданындағы С. Сейфуллин орта мектебіне, математика пәнінің маманы Жайнагүл Сәдібек, математика пәнінің оқытушысы Азамат Өмір, физика пәнінің мұғалімдері Сардор Ибраимов, Луиза Анарбай жұмысқа орналасып, баспанаға ие болады.