Студенттер жеңісі

02.10.17

"Алматы қаласының әкімінің кубогы-2017" республикалық арнайы жобасында ОҚМПИ-ның "Шымкент жастар құрамасы" жайдарман тобы екінші жүлделі орынды иемденді. Әзілкештер мен тапқырлар ойынының өтуіне Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қазақстан КВН Одағы мұрындық болды.