ОҚМПИ сән театры "ЭКСПО-2017" марапатталды

02.10.17

Елордамызда өткен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында Украина және қазақстандық дизайнерлердің этникалық сән үлгілері көрсетілді. Көптің қызығушылығын тудырған бұл байқауға ОҚМПИ жанындағы "Сымбат" сән үйінің жас дизайнерлері де қатысты. Керемет талғаммен тігілген олардың бұйымдары заманауи сән үлгісімен жарасымды үйлесім табуымен ерекшеленді. Байқауға қазылық еткен мамандар институт шәкірттерінің бұл еңбегін жоғары бағалады. "Сымбат" байқаудың үшінші орынын еншіледі.