ОҚМПИ делегациясы "ЭКСПО-2017" аттанды

02.10.17

Қандай да ортақ іске жұмыла кірісіп кететін әрі еліміздің саяси – қоғамдық шараларына белсене араласып жүретін өңіріміздегі беделді ұжымдарының бірі саналатын, биыл құрылғанына 80 жыл толып отырған Оңтүстік Қазақс -тан мемлекеттік педагогикалық институтының 15 оқытушысы мен 30 студен-ті тамыздың 30,31 күндері Елордамыз Астанада өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған көрмені аралап оған тәнті болып қайтты. Топты инсти-туттың тәрбие істері жөніндегі проректоры Ақлима Мархабатқызы бастап барды. Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласында өтіп жатқан күн-деріне сәйкес келген сапарымыз барысында жерлестеріміздің бірқатар кон-цертік қойылымдарына қатысып, олардың өнерлеріне қолдау білдірдік. 
Халықаралық ірі жоба саналатын ЭКСПО көрмесін бір күнде ыждағатты-лықпен зейін қойып аралап шығу мүмкін емес. Ондағы болашақ энергия көз-дерін дамытуға арналған жобалар мен ой-өрісті кеңейтетін 3 Д форматын-дағы бейнероликтерді тамашалау және тақырыптық павильондарды көру үшін кемінде екі немесе үш күн уақыт қажет екен. Одан бөлек әр күні таңғы 9 дан кешкі 11 ге дейін жалғасатын әртүрлі елдер мен еліміздің өнер ұжым-дарының мәдени ойын- сауық бағдарламаларынан басыңыз айналады. Екі күн бойына студенттер мен оқытушылар құштарлықтары қанғанша аралады. Сірә, қарапайым оқытушы мен студент екі-үш күнге көрмеге өз қалтасынан қаржы шығарып келе алмайтыны анық. Осы мүмкіндікті жасаған, өзі күтіп алып бағыт-бағдар берген институт ректоры, білікті де талапты басшы Оңалбай Аяшұлына топ атынан зор Алғысымызды білдіреміз.
Көрмеге Германия, АҚШ, Израиль, Жапония, Оңтүстік Корея, Монако секілді дамыған елдер болашақ энергия көздерін дамытуға байланысты өз жетістіктері және тың жобаларымен келген. Ал бірқатар араб елдері мен оңтүстік Америка, Азия мен Африка елдері өздерінің ұлттық брендерінің көрмесін ғана жасаған сыңайлы. Дегенмен, бұл үшін оларды сынауға болмас. Өйткені, халықаралық көрме жаңа технологиялар мен құрылыстардың, ғылы-ми жетістіктердің жобаларымен өзара тәжірибе алмасу мен үйренуге арнал-ған. Айталық, 1958 жылғы Брюсселде өткен көрме Атом энергиясын дамы-туға арналған болатын. Арзан да мол энергия көзі саналатын атом қуатын қазіргі таңда дамыған елдердің барлығы пайдаланады. Ал, 1962 жылғы Сиэтлдегі көрме алғашқы компьютерлерді насихаттады. 2010 жылы Шанхай-дағы көрме «Болашақтың қаласы» деп аталды. 
Астана ЭКСПО-2017 көрмесі балама энергия көздерін дамытуға және энергияны тұтыну тиімділігін арттыруға, көлікті электрлендіруге, көпшілік-тің экологиялық таза энергияға қолжетімділігін арттыруға бағытталған қызықты жобаларға арналыпты. Бұл жетістіктер мен жобалар Қазақстанның оқулықтарына еніп, ғылыми -зерттеу жұмыстарына арқау болатыны анық. 
ЭКСПО секілді халықаралық ірі жобаны және халықаралық спорттық сайыстарды ұйымдастыруды жеңіп алып, оны өткізуден еш қорықпаған батыр да жомарт жүректі қазақ халқымен және оның лидері Н.Назарбаевпен мақтануымыз керек!.

Б.Айтай, ОҚМИ дің аға оқытушысы, т.ғ.к