Рух мәдениеті – асыл қазына

15.05.17

Тәуелсіздіктің ширек ғасыр­лық кезеңінде саяси-эконо­мика­лық ахуалын жоғары деңгейде орнықтырған Қазақ елі рухани жаңғыру жолында бұған дейін де жемісті істер атқарған. «Мәде­ни мұра», «Халық – тарих тол­қы­нында» бағдарламалары арқы­лы барымыз бағаланып, жоғы­мыз түгенделген. Жыл ба­сын­да жарияланған Үндеу мен «Қазақ­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси реформа мен экономикалық жаңғыру процестерінің нақты мақсат-міндеттері мен басымдықтарын, жету жолдарын саралап берген.

Ал, Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы − «Жаңа тұр­пат­ты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодың­ды сақтай білу» деп сананың жаңғыруы жолын­да атқарылар міндеттерді тайға таңба бас­қандай айқындап берген тарихи құжат.  Қазақтың Жүсіпбек Аймауытовы осы­дан бір ғасыр уақыт бұрын айтқан «Қазақ күнел­ту жағының мәдениетінен мешеу қал­са да, ақыл, қиял, сезім жағына, білім тілі­мен айтқанда, рух мәдениетіне кенде емес... Қазақтың жерінің астында асыл қазына, кен байлығы мол деп аңыз қылысады. Сон­дай мол қазына қазақ елінің ішінде де жатыр. Ол не десеңіз әдебиет, ән-күй. Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып, үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарыз­ға ала беруге болмайды. Алса да, халық­тың көкейіне көпке дейін қонбайды. Енде­ше, өзімізде бар дәулетті жарыққа шыға­рып, іске жаратуға талпыну керек» деген сөз­дері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған мәсе­ле­лермен сабақтас. Мемлекетіміздің басты байлығы – адам капиталының негізгі ұлт­тық тірегі саналатын руханият. Өзімізде бар дүниені игеріп, заман талабына сай ізде­ніс­пен қоғамға пайдалы іс жасау – елі­міз­ді өркениетке жет­кізеді. Елбасы мақала­сы шыққалы бар­лық ұжым оны жан-жақты талқылауда. Оң­түс­тіктегі ғана емес, республикадағы білім қарашаңырақтарының бірі, іргелі оқу ордасы – Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттік педагогикалық институтының ұжы­мы да бұл істен шет қалмады. Алдымен ұжым болып оқып, талдап, пікірталасқа түсіп, қорытындысында қандай үлес қоса аламыз деген сауалға жауап берді. Соның бірнешеуімен бөліспекпін.  Біріншіден, білім ордамыз қайта құ­рыл­ған 2011 жылдан бері бәсекелік қабі­леті мық­ты, компьютерлік сауатты, шет тіл­дерін мең­герген, мәдени ашықтық сын­ды қасиет­терге ие тұлға даярлауды бас­ты ұстаным етіп келеді. «Цифрлы Қазақ­станның» заманауи келбеті болар ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін болашақ ұстаздар үш тілде білім алып, ұлттың аймақ­та ғана емес әлемдік нарықтағы баға­сын біліммен арттыруға үлестерін қосуда. Институт ұжымы алдағы 5 жылда ағы­л­шын тілінде оқытуға толықтай көшу­ді межелеп отыр. Бұл іске дайындық жұмыс­тары 2012 жылдан басталған. Өткен оқу жылынан бастап ағылшын филологиясы арнайы бөлек фа­культет болып құрылды. Қазіргі таңда институт білімгерлерінің 38 пайызы таза ағылшын тілінде оқуда. Уақыт талабына сай үш тілде еркін сөйлеп, білім алған студенттер оқып жүріп-ақ жұмыспен қамтылса, бітіруші түлектер алыс-жақын шетелдерде білімін жалғастырып қана қоймай, елімізде табысты еңбек ету­де. Бұл – Елбасы мақа­ла­сындағы «Болашақта ұлт­тың табысты болуы оның табиғи байлығымен ғана емес, адамдарының бәсе­келік қабілетімен айқын­далады» деген сөздің бүгінгі дәлелдемесі.  Екіншіден, институ­т­т­а оқитын жастардың 90%-ы − қыз балалар. Ұлттың ана­­сы болып табылатын қыз­дарымызды ха­лық­тық дәс­түрде тәрбиелеп, қазақтың көне­­ден келе жатқан ұлт­тық өнерін игерту мақ­сатын­да түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Онда студенттеріміз қазақ­тың кілем, алаша, басқұр, таңғыш, жел бау, керме жіп, теке­мет, тұс киіз, сырмақ, кілем, алаша, құрақ көрпе сынды дүниелерін, сонымен бірге, ұлттық тағамдарын даярлауды үй­рен­е­ді. Ал, ұл балаларымыз музыкалық ас­пап­­­­тар мен астауларды, жиһаздарды жасау­­­ға машықтанады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде айтылған «бала­­­лары­ңызды құрметтеңіздер, олардың әдеп­терін жақсартыңыздар, оларды жақсы тәр­бие­леңіздер» деген қағидаға қылау түсір­меуге ұмтылып келеміз.  Үшіншіден, қазіргідей жаһандану зама­нында ұлттық дүниетанымымызды, сана­мызды жаңғырта отырып, кемелдендіру – бізге ­үлкен сын. Болашақтың бағдарлама­сына айналған мақалада аталған ұлттық сананың қалыптасып, рухты жаңғыртудың тағы бір жолы – студенттерді өнер арқы­лы эстетикалық сұлулыққа, ұлттық құнды­лықтарды дәріптеуге, құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу. Осы мақсатта институтта студенттердің әуесқой «Нұр-Шаңырақ» театры құрылды. Шымылдығы институттың 80 жылдық мерейлі мерекесінде түрілмек бұл театр қазақ драматургтерінің ғана емес, шетелдің классикалық дүниелерін де қоюды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Театр өнері арқылы ұлттық кодымызды, мәдениетімізді сақтай отырып, бізді кедер­гілерге ұшырататын жайбарақат мінезден арылтуға ықпал етпекпіз. Төртіншіден, ұлттық рухтың мазмұны – өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіс­пеншілік бізге туған жердің топы­ра­ғы­­мен, ауасымен, тау-тасымен бірге сі­ңе­ді. Елбасы бұл туралы өзінің рухани жаң­­­ғы­­руды бағдаршам еткен мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ұлт­ты сүю – Алла берген дарын, қасиетпен жи­ған білім-тәжірибені еңбекпен елдің өсіп өр­кен­­деу жолына жұмсау. Мұны біз жете сезі­­­не­міз. Оңтүстік Қазақстан мемлекет­тік пе­­да­­­го­­гикалық институты Мақтаарал ауда­ны­­­ның шалғайындағы Мырзакент өңірінде ағыл­шын тілін үйрететін, әр сынып­қа ар­нал­ған роботтытехника зертханасына құны 50 миллион теңгені құрайтын құрал-жаб­дық­ты жинақтады. Ендігі кезек – оқу ғимара­тын­да. Бұл мәселеге аудан әкімі түсіністік та­ны­­туда. Бұл жобаға мемлекет­тік бюд­жет­тен тиын да шығын болған жоқ. Бар­лығы жер­­гі­­лікті елім деген қалталы аза­мат­тар­дың ме­­це­­­нат­­тығымен жүзеге асты. Бұл игі­лікті ша­ра Ел­басы мақаласында атал­ған «Туған жер» бағ­дарламасын қол­дауы­мыз­дың айқын дәлелі.  Сондай-ақ, осы бағдарламасы аясында облыстағы киелі жерлер мен рухани құнды­лықтар, олардың рекреациялық-туристік әлеуетін жарнамалау мақсатында арнайы буклеттер, бейнероликтер әзірленуде. Бесіншіден, Мемлекет басшысының: «Рухы берік, санасы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті ерен өрен елдің болашағы да баян­ды болады» дей келе, әлемнің озық 100 оқулығын аударуға тапсырма беруіне сәйкес, институттың оқытушы-профессор ғалым­дары педагогикалық бағытта жазылған дүниежүзілік маңызы бар орыс, ағылшын тіліндегі 10 оқулықты аударуды бастап кетті. Бұл тек біздің кітапхана қорымызды ғана емес, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының да кітапханаларын толықтырады деген сенімдеміз.  Алтыншыдан, еліміздің қасиетті рухани құндылықтарын ұлықтау мақсатында облыс пен аудандардағы шежірелі қарттармен далалық-этнографиялық зерттеулер және сұхбаттар жүргізіп, ғылыми еңбектер, муль­ти­медиалық өнімдер шығаруды жоспар­лап отырмыз. Бұл игілікті іске инсти­тут ғалымдарымен қатар студенттер де тартыл­мақ. Оқу жоспарына сай далалық және өн­дірістік, оқу іс-тәжірибелері барысында бұл мақсатқа да қол жеткіземіз. Сондай-ақ, облыс бойынша рухани құн­­дылықтарды жинақтап, табиғи-тарихи ме­кендерді насихаттауға байланысты ғалам­­тордан арнайы портал, интернет-газет ашу­дың алғашқы жұмыстары жүргізілуде.  Заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілет екенін ескере отырып, Елбасы бізге «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жоба­сын іске асыруға тапсырма берді. Жоба мақсатына сәйкес біз институттағы Тіл­дер орталығының ауқымын кеңейтуді ойлас­тыру­дамыз. Ағылшын, неміс, орыс тілдерін үйрететін үйірме жұмысын қытай, испан, араб, француз тілдерімен толықтырып, кеңейтпекпіз.  Мәдени қазыналарымызды әлем жұрт­шылығына таныстырудың жаңа тәсіл­дерін ойластыру мақсатында студент­тер ара­сында байқау ұйымдастырып, «Ең үздік муль­тимедиялық» жобаға конкурс жарияладық.  «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасауды тапсырған Елбасы міндет­темесіне сәйкес институттың 80 жыл­дық мерейлі мерекесіне орай білім орда­мыз­дың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қайраткер тұлғалар тізімі түзілуде.  Кез келген істің нәтижелі болуы еңбекке деген қатынасқа байланысты. Біздің сана­мызда қатып қалған «қазақ сондай» деген стеротиптен арылатын кез әлдеқашан жет­кен. Жанкештілікпен жанашырлық таныта отырып, уақытпен санаспай адал қызмет ету – басты парызымыз. Әркез сөзіміз бен ісі­міз үйлесім тауып жатса, ғанибет емес пе?  Мемлекет басшысы өзінің «Ғасырлар тоғы­­сында» атты кітабында: «Мен өз хал­қым­­ның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай біле­тін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгі­лік­тің қатыгез басқыны біржолата шайып әке­те­тетіндей талай қилы кезең тұсында қи­налса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге, азаттыққа құштарлық қайта­дан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды», деген жолдар бар. Ел дегенде, жер дегенде біле­гін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жар­қын болашағы үшін кү­ресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қо­ға­мы­мыздағы ұлттық бірліктің іргесі шай­қал­маса, ұлтымыз әдет-ғұр­пы мен салт-дәс­түрін сақтаса, Мәңгілік Елге айналарымыз ақиқат. 

Оңалбай АЯШЕВ,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты

https://egemen.kz/article/rukh-madenieti-%E2%80%93-asyl-qazyna