Жастар прокурормен кездесті

05.05.17

Жастар прокурормен кездесті

Білімсіз күнің қараң. Болашағың бұлыңғыр. Озық отыздыққа енудің төте жолы, кемел келешектің кілті - білімде. Осыны ескерген Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық институтының жастары түстік прокурорларымен кездесті. «Рухани жаңғыру және заң». Президент мақаласы - басқосудың басты тақырыбы

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы - білім. Бүгінгідей жаңарған, жасарған мемлекет жастары мұны жақсы біледі. Табанды еңбек пен сапалы білімге қашан да қажеттілік бар. Біз бағындырар белестің биік болмағы үшін осы қадамнан таймау қажет. Жиында облыстың бас прокуроры студенттерді сапалы білім алуға шақырды.

Ибраһим Иманов – Облыс прокуроры

Тарих толқындарын таразылаудан басталған мақала ұлт болмысын барынша бағамдап берді. Мемлекеттің атқаруы тиіс міндеттерін межеледі.
Сананы жаңғыртудың тағы бір жолы – үш тілді жетік меңгеру. Латын әлипбиін қолданысқа енгізу. Өйткені, дүбір дүниені мекен еткен сан түрлі этнос өкілдері сайып келгенде, түбі бір тамырлас елміз.

Ізмахан Зәкәрия – Студент

Қазір бізге үш тілді жетік меңгеру талабы қойылып отыр. Өйткені, тіл білгенде ғана өзге елдермен иық тірестіретін мемлекет қатарына қосылмақпрыз.

Қазір жүрісі жылдам дәуірге қадам бастық. Кәсібін қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті маман даярлау - заман талабы. Яғни, бесаспап болу маңызды. Біздің елде бюджет шығысының үлкен бөлігі білімге бөлінеді. Өйткені, озық білім мен ғылымды игерген елдің ғана келешегі зор болмақ.