ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

28.04.17

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Оқу ордамызда "Жаратылыстану мамандықтарының пәндерін үш тілде өтудегі мәселелер"  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуды өткізуге ұйытқа болған Жаратылыстану факультеті. Жиынға  факультеттің ОПҚ және №2 үш тілде оқытатын арнайы мамандандырылған “Дарын” мектебі, №5 Ж. Қапбаров атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты, №63 жалпы орта мектебі, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері қатысты. Дөңгелеу үстелде пәнді үштілде өтуде қазіргі таңдағы мәселелер қозғалып, білім сапасын жақсарту жолдары айтылды. Мектеп мұғалімдері химия, биология, математика, физика және информатика  пәндері бойынша қазіргі әдістемелерімен бөлісті.