Елші институтпен танысты

27.04.17

Елші институтпен танысты

Институтымызға Қазақстанның Түркменстандағы төтенше және өкілетті елшісі Орман Нұрбаев келді. Елші оқу ордасының басшылығымен кездесіп, институттың материалдық-техникалық базасымен танысты. Компьютер сыныбы, кітапхана, мұражай, спорт кешені және ғылыми зертхананы аралап көрді. Елші мырза сондай-ақ замануи үлгіде салынған студенттер үйінде де болды. Қазір мұнда қолөнер, тігін, бейнелеу өнері және ағаш өңдеу секілді шеберханалар жұмыс істейді. Оқу ордасының тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысқан Орман Нұрбаев бірқатар мамандықтарды дайындау ісінде көп тілділік бағдарламасының сәтті жүзеге асып жатқанына көз жеткізді.

ОҚМПИ-ның таяу күндері "Қазақстандық білім беру ісінің күндері" деп аталған халықаралық көрмеге қатысуы жоспарланған. Көрмеде түркіменстандық оқу ордаларымен академиялық ұтқырлық алмасу, қос диплом беру бағдарламасын жүзеге асыру секілді өзара ынтымақтастық жайы сөз болады.