Еуропа чемпионатында төрешілік жасайды

25.04.17

Еуропа чемпионатында төрешілік жасайды

ОҚМПИ оқытушысы, халықаралық дәрежедегі төреші, спорт шебері Қуаныш Наханов қазақ күресі бойынша өтетін Еуропа чемпионатында төрешелік етеді. Ол сондай-ақ спорт сайысына қазылық жасаудан бөлек Қазақстанда спорттың бұл түрі қалай дамып келе жатқаны туралы арнайы семинар өткізетін болады. Чемпионат 26 сәуір мен 2 мамыр аралығында Сербияда өтеді. Байрақты бәсекеге Еуропаның 25 мемлекетінен спортшылар қатысады.