Олимпиададан жүлдемен оралды

25.04.17

Олимпиададан жүлдемен оралды

ОҚМПИ студенттері республикалық пән олимпиадасының жүлдегері болды. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  өткен білім сайысында  филология және тарих  факультетінің шәкірттері  командалық есепте үшінші орынды иеленді. Ал осы факультеттің студенті Яна Таранова болса өзінің терең білім иесі екенін дәлелдеп, екінші орынды жеңіп алды. Пән олимпиадасына осы студенттерді дайындаған профессор-оқытушылық құрамға зор алғыс  білдіреміз.