Алаш ардақтысы-Нәзір Төреқұлов

24.04.17

Алаш ардақтысы-Нәзір Төреқұлов

Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен тұңғыш қазақ дипломаты, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың туғанына  125 жыл толуына орай «Алаш ардақтысы – Нәзір Төреқұлов» атты дөңгелек үстел  өтті. Оған институтымыздың оқытушы ғалымдары мен студенттері,  елге  танымал ақын-жазушылар, Шымкент қаласындағы №62 Нәзір Төреқұлов атындағы  мектептің мұғалімдері мен оқушылары, облыстық ішкі саясат басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мамандары қатысты.Дөңгелек үстелді ашқан филология және тарих факультетінің деканы Н.Нұрпейісов кіріспе сөзінде Нәзір Төреқұловтың 125 жылдығына арналған дөңгелек үстелдің мақсаты мен маңызына тоқталды. Ал одан кейін сөз алған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, т.ғ.к., ұстаз ғалым Сағынғали Әубәкіров Нәзір Төреқұловтың туып өскен ортасы, білім алу жолы мен қоғам қайраткері, тұлға ретінде қалыптасуына, мұсылман халықтары арасынан шыққан тұңғыш елші ретінде, т.б. атқарған мемлекеттік қызметтерін баяндап берді.Жалпы дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың есімін ел жадында мәңгі қалдыру, жаңғыртып отыру мақсатында оның тұлғалық қасиеттерін, жан-жақты қырларымен ашатын ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылу жалғастығын тауып отыру керек, ардақты азаматтарымыздың есімін құрметтеу біз үшін парыз деген тұжырымды ойларын айтты.