Болашақта ұлттың табысты болуы табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады

21.04.17

Болашақта ұлттың табысты болуы табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Осыны ұран еткен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институтының ұжымы Елбасы мақаласын талдады.

Оқу ордасының басшылығы «білім сапасын көтеру үшін жастардың санасын өзгерту керек», - дейді

Оңалбай Аяшев – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры

Сананы бізге өзгерту керек. Мен шәкірттеріме үнемі айтамын, сіздер сабаққа келгенде кітапта жоқ жаңа ойды әзденіп келіп, менен сұраңыздар. Маған тапсырма беріңіздер. Келесі келгенде сол сұрақтарға жауап беремін» деп. Міне, сана  осыдан шығады.

Сананы жаңғырту жадыдағы бұрыннан қалыптасқан ойды өшіру емес. Қажетін алып, зияндысын ысырып, сүзгіден өткізу. Әсіресе, ұлттық сананы ұлықтайтын рухымыз бойымызда өмір бойы сақталуы керек. Институт ұжымының бұл тұрғыда атқарған жұмысы шаш етектен.

Айдайқыз Байбатшаева – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі

Дамуға бастайтын жоба студенттердің оқуға құштарлығын оятқан. Олар болашақтың кілті білімдінің қолында екенін түсініп, енді түрлі елдердің тілін үйренуге белсене кіріспекші.

Медеу Тұрдалы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті

Институт қабырғасында өткен алқалы жиын осылайша, студенттер мен оқытушылар арасындағы ой бөлісумен аяқталды. Мақаланың жастарға жүктеген міндеті, оны іске асырудың маңыздылығы да айтылды. Осы арқылы ұстаздар қауымы әр жастың бойында жақсы қасиеттердің дамып, білімінің шыңдалатынына сенім артты.   

АЙЖАН  Әшірхан  «Қазақстан - Шымкент» телеарнасы