Студенттер институт түлектерімен кездесті

19.04.17

Студенттер институт түлектерімен кездесті

Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасы институтымыздың филолгия факультетін бітірген түлектермен  кездесу өткізді. "Альма-матер түлектерді қарсы алады" деп аталған басқосуға "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакторының орынбасары Кеңес Ысмайылов, "Отырар" телеарнасының бөлім басшысы Зәуре Оралбаева, "Южный Казахстан" газетінің  тілшісі Алиса Масалева, Сайрам ауданындағы "Манкент"  орта мектебінің мұғалімі Г. Рахимова қатысты. Олар өз жұмыстарының түрлі қырлары мен шығармашылық еңбектері туралы студенттерге әңгімелеп берді.  Сондай-ақ кездесуде институт түлегі, қазір "Москва" радиосында  тілші болып еңбек етіп жатқан  А. Сүлейменовамен онлайн режимде пікір алмасты. Басқосу соңында шәкірттер қонақтарға прозалық шығармалардан үзінді, өлең оқып, сахналық қойылымдар көрсетті. Түрлі ұлттардың биін билеп, ән шырқады.