Әдебиет – ұлт байлығы

14.04.17

Әдебиет – ұлт байлығы

ОҚМПИ-да 10-19 сәуір аралығында филология және тарих факультеті қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен  «Әдебиет – ұлт байлығы, рух туы» атты  онкүндік өтеді. Шара аясында «Сыр» қолжазба журналының тұсаукесері өткзіледі. Сондай-ақ «Оңтүстіктің 10 кітабы» акциясы бастау алады. Іс-шара аясында «Мәңгілік ел» идеясы аясында жүзеге асыру атты  дөңгелек үстел, «Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған»  атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің журналистерімен кездесу, «Қазақстан-Шымкент»-руханият отауы» атты теларна журналистерімен жүздесу жоспарланған. Онкүндіктің соңғы күндерінде филология факультетін бітіруші түлектермен кездесу өткізіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.