Шет тілін меңгеру-жарқын болашақтың кепілі.

12.04.17

Шет тілін меңгеру-жарқын болашақтың кепілі.

Институтта шет тілдер  кафедрасының  ұйымдастыруымен "Ағылшын тілін оқытудың мәселелері" тақырыбында семинар өтті. Басқосуда шет тілдер және дайындық факультетінің деканы А. Мейірбеков, шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Ғ. Сманова және Германиядан келген визитинг-профессор В. Фризен тақырып бойынша презентация жасады. Семинар барысында "Шет тілін меңгеру-жарқын болашақтың кепілі",  "Тіл тұтастығы-ел тұтастығы", "Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігін арттыру" және "ЖОО-да үш тілде білім беру мәселелері"  тақырыптары бойынша пікірталас  ұйымдастырылды. Жиын соңында студенттер ағылшын тілінде сахналық көрініс көрсетті. Орыс тіліндегі "Жди меня" өлеңін мәнеріне келтіре оқып, Р. Киплинг шығармасынан үзінді оқып берді.