ТАРИХТЫ ТАНУ-ӨЗІҢДІ ТАНУ

10.04.17

ТАРИХТЫ ТАНУ-ӨЗІҢДІ ТАНУ

Институтымызда  мектеп оқушылары мен студенттер арасында тарихтан "Жас толқын" деп аталатын пән олимпиадасы өтеді. Оны ұйымдастыруға облыстық білім басқармасы, славьян мәдени орталығы, шетелдердегі ресейлік отандастар үйлестіру кеңесі мен ОҚМПИ-ы ұйытқы болды. Ал шараға облыстың қоғамдық-саяси басылымы "Южный Казахстан" газеті ақапарттық қолдау көрсететін болады. Олимпиаданың басты мақсаты жастардың тарихқа қызығушылығын арттыру және олардың  өзара шығармашылық байланыстар орнатуына сеп жасау. Байқауға техникум, колледж және жоғары оқу орындарында білім алатын  жасы 14-тен жоғары кез келген студент қатыса алады. Олимпиада бағдарламасы тарихшы мамандығын оқып жатқан студенттерге емес жалпылама танымдық дүниелерге негізделіп жасалған.