Жаңашыл ізденістегі жас маман - болашақтың тірегі

30.03.17

    Жаңашыл ізденістегі жас маман - болашақтың тірегі

Институтымызда кәсіби бағдар беру, жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлімінің ұйымдастыруымен "Жас маман: жаңаша көзқарас" тақырыбында семинар өткізілді. Оған білім ордасындағы оқуын биыл бітіргелі отырған түлектер қатысты. Басқосуда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары Берік Садықов "Кәсіпкерлікті дамыту-заман талабы" тақырыбында баяндама жасады.  Қазіргі таңда кәсіппен айналысамын деген жастарға қандай мүмкіндіктер бар екенін нақты мысалдармен айтып, жастарды өз бетінше еңбек етуге, заман талабына сай бейімделуге шақырды.

      Ал семинарға қатысқан   облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Әсел Бекенова студенттерді «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен» бітіруші түлектерді таныстырды. Сонымен бірге Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының  маманы Жандос Акишев Жандос  «Жастар практикасы» жайлы сөз қозғап, бітіруші түлектерге бағдарлама бойынша жұмыспен қамтудың жолдарын көрсетті.

    Кездесу барысында бітіруші түлектер  өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап алып, жастарға арналған бағдарламалармен толыққанды танысты.