Наурыз - жыл басы

29.03.17

Наурыз - жыл басы

Тіршілік атаулыға нәр жүгірткен Наурыз мерекесін тойлау жыл өткен сайын өзінің байырғы төл бейнесінде қайта жаңғырумен бірге  жалпыхалықтық сипатқа ие болып  келеді.  ОҚМПИ-ның ұжымы да жылдағы дәстүр бойынша Көктем мерекесін тойлауға белсене қатысты. Білім ордасы бұл жолы Түркістан шаһарындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің жанында ұлттық нақыштағы оюлармен бедерленген он екі қанат ақшаңқан киіз үй тігіп, жадымыздан көмескілене бастаған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді  жаңғыртты.  Еліміздің игі жақсыларын қонақ етті.  Беркелі де мол дастархандағы Наурыз көжеден ел ағалары, жазушылар мен өнер қайраткерлері дәм татты. Дастарханға олармен бірге  өнер жұлдызы Димаш Құдайбергеннің анасы да арнайы шақырылды. Ол ұлының әлемдік сахнадағы жетістіктері жайлы көпшілікке әңгімелеп береді. Ал институт студенттері қонақтарға өз өнерлерін паш етті.