5B012300

Қазіргі таңда Педагогика кафедрасы білім беру бағдарламасын  келесі деңгейде дайындайды:

  • бакалавриат - «5В0123100 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»;

 

Мамандарды даярлау үш: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Кафедра түлектері мамандықтары бойынша келесі жұмыс орындарында қызмет атқара алады:

  • Білім беру мекемелерінде (балабақша, мектеп);
  • Балалар үйі, аналар үйі;
  • Психологиялық және психолого-медико-педагогикалық орталықтар;
  • Ғылыми-зерттеу орталықтары;
  • Әлеуметтік бейімделу орталықтар;
  • Түзету орталықтарында;
  • «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы
  • Білім және ғылым министрлігі аясындағы мекемелер мен орталықтар.

 

 

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану балалар, жасөспірімдер мен жастардың рухани-адамгершілік дамуына әсер ететін факторларды анықтау, мемлекеттік және ұлттық тәрбиелеу жүйесін, отбасылық және коррекциялық тәрбие мазмұны мен ерекшеліктерін, мәнін ашу, білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәрбие әдістерін меңгеруге бағытталған өзекті және ғылыми және практикалық кәсіби мамандық ретінде қоғамда өзіндік маңызды орын алады.