Тәрбие жұмыстары

 

Ағылшын тілі кафедрасы

            1.11.2018 ж. Рухани жаңғыру аясында Ұлттық сана ұлттық бірегейлікті сақтаудың негізі: «Бүгінгі қыз – ертеңгі келін» атты  іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласы, Абай ауданы әжелер алқасының төрайымы Хамитбекова Бибіфатима Сұлтанбекқызы, Қазығұрт шағын ауданының «Асыл әжелер тобы» қатысуымен іс-шара өтті.

2.11.2018 жылы 1-4 курс студенттеріне Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы»  бас дәрігер-эпидемиолог У.С. Байдилдаева және Қалалық наркология орталығынан дәрігер А.Е. Баймурунова  келіп, студенттерге  "Есірткіге - ешқандай  жол жок", "Салауатты -өмір салтын ұстану" атты тәрбие сағатын жүргізді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынды.

   

5.11.2018 ж.  119-78 Шетел азаматтарымен топ тәлімгері Т.М.Абдуалиев Түркістан облысы Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхаттар ұйымдастырды.

30.11.2018 ж.   Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары және студенттері арасында «Білімді жастар – ел болашағы» атты пікірталас ұйымдастырылды.

20.02.2019 ж. 119-26, 119-17 топ студенттері  «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестіктің төрайымы Төлепова Гаухар Уалиханқызы және Қазақстан Ассамблеясы Ғылыми эксперттік комиссиясының комиссиясының төрайымы, доцент, ф.ғ.к., Қорғанова Саипжамал Султановнаның қатысуымен  «Адамгершілік болмай – әділдік болмас» атты  бастамамен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

27.02.2019 ж. STAR WEEK – 2019 онкүндігі аясында Филология факультетінің «Жастар-ел болашағы» концерттік іс-шарасына  Ағылшын тілі кафедрасы қатысты

ОҚМПУ "Ағылшын тілі" кафедрасының 119-17, 119-27 топ студенттері "Ағылшын драма жастар фестиваліне -2019" қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды.

ОҚМПУ Рухани жаңғыру орталығының басшысы Анарбаев Қайрат Сапарханұлының ұйымдастыруымен 307 Бас ғимаратта  Шымкент қаласы Діни істер агенттігінің өкілдері Ноғаев А.Ә. және Заманханов Б. келіп "Дін және қоғам" атты  семинар өткізді.

119-27 топ студенті Халықаралық пікірсайыс турнирінде «Жастар финалының чемпионы», Шымкент 2019

30.04.2019 ж. Ұлттың үш бәйтерегі – С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлиннің туғаны 125 жыл толуына арналған іс-шара аясында Облыстық  Қуғын – сүргін Музейінде өткен еске алу кеші.

"Білім жіне таным көкжиегін кеңейтіп қайттық" атты мақала Оңтүстік Қазақстан газетіне жарияланды.

20.02.2019 жылы 119-16, 119-17 топ студенттеріне Р.Д. Жекебаеваның ұйымдастыруымен «Ынтымақ» этносаралық бірлестіктің төрайымы Төлепова Гаухар Уалиханқызы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-эксперттік комиссиясының төрайымы, доцент, ф.ғ.к., С.С.Қорғанованың қатысуымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

 

119-86 тобының студенті Диана Садвакасова
«Вице Мисс Шымкент – 2016»

22. 09. 2016ж.
«Тіл – халықтар достығының дәнекері»
атты мерекелік кеш

МАРАФОНҒА ҚАТЫСУ

 

18. 11. 2016ж.
ДЖЕК ЛОНДОННЫҢ ТУЫЛҒАНЫНА 140 ЖЫЛ
САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ

ФАКУЛЬТЕТТІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

 

 

 

 

 

Сертификат  «ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР»

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ҮЙІРМЕСІ

«HIGH TECH»

 ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ҒЫЛЫМ.   

     АҚПАРАТТЫҚ ЖАРЫЛЫС

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУГЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИНАУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Жетекшісі - Тургинбаева Л.В.

“Жарқыра жайна Қазақстан” атты шетел тілдері кафедрасында өткізілген іс-шара​