Кітапханаға бастар жол

27.03.17

Кітапханаға бастар жол

Инстиутымыздың оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты Т.М. Руяткина "Тарихи зерттеулердің әдістемесі" атты жаңа оқулық құрастырды. Ғылыми кітапта  негізінен ғылыми ақпараттарды қалай іздестіру, оның оңтайлы жолдары туралы жазылған. Автордың бұл еңбекті жазуына өскелең ұрпақтың кітапханадағы әрбір сала бойынша баспа бетінде жарық көрген ақпарттарды қажетіне сәйкес іздеп таба алмауы   себеп болған. Жасыратыны жоқ кейінгі кездері жастар тек әлеуметтік желілерімен ғана әуестеніп,  кітап бойынша жұмыс істеуді азайтты. Жаңа оқулықтың тұсаукесері ретінде А. С. Пушкин атындағы кітапханада көшпелі дәріс өткізілді. Сабақ барысында студенттерге жүйелік каталог және алфавит бойынша кітаптармен жұмыс істеу, тақырып бойынша картотекалық тізім жасау және қажетті әдебиеттер тізімін түзу жайы үйретілді.