Құттықтаулар

21.10.15

ОҚМПИ спорт мамандығының студенті Берік Сарыбаев 2011 жылдың ең үздік спортшысы атағына ие болды. Бұл атақ облыстық ішкі саясат бөлімі тарапынан жыл сайын спорт саласындағы ең үздіктерге беріліп отырады. Берік Сарыбаев 8 кластан бастап бокспен үздіксіз айналысып келеді. Оның есімі Төлеби ауданындағы туған ауылы Қаратөбеге жақсы мәлім. Ол биылғы жылы көптеген айтулы спорт жарыстарына қатысты. Қазір ол келесі жылғы жарыстарға, атап айтқанда, Орал қаласында 2012 жылы өтетін Ермахан Ибрагимов атындағы халықаралық турнирге қатысуға дайындалу үстінде.

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.