СТУДЕНТТЕРІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

13.03.17

СТУДЕНТТЕРІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

Институт студенттері педагогикалық іс-тәжірибесін Шымкент қаласындағы Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы,  Пушкин атындағы №1 орта мектебі  және мұнан өзге облыс орталығында  тағы 116 білім ұясында өткізді.  Іс-тәжірибені қорытындылау мақсатында институтта конференция өткізіліп, оған студенттердің  жетекшілері және әдіскерлер, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар  қатысты. Жалпы алғанда институт студенттері іс-тәжірибе кезінде өздерін болашақ ұстаз ретінде жан-жақты көрсете алған. Әсіресе химия, физика, математика мамандықтары бойынша білім алып жатқан шәкірттер мақтауға ілікті.  №65 мектеп гимназиясының оқу  ісі жөніндегі директор орынбасары  Айгүл Керімбаева  институт студенттерінің  жауапкершілігін, білімділігі мен тапқырлығын ерекше атап өтті. Сол үшін білім ордасының    басшылығы мен профессор-оқытушылар қауымына ерекше алғысын білдірді.  Сонымен қатар басқосуда  студенттерге бағыт-бағдар беріп, кәсіби деңгейде қалыптасуына бағдар берген іс-тәжірибе жетекшілері мен әдіскерлері де өздерінің қорытынды пікірлерін  айтты. Конференция барысында көрме ұйымдастырылып, оған  ашық тәрбие сағаттары мен ашық сабақтарда пайдаланылған қабырға газеттері, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар мен студенттердің Алғыс хаттары қойылды