«Алаш»  ардақтыларының ұлт мұраты жолындағы еңбегі сараланады

07.03.17

«Алаш»  ардақтыларының ұлт мұраты жолындағы еңбегі сараланады

«Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамының тарихи және ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі.» ОҚМПИ-да

 «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай осы тақырыпта  дөңгелек үстел өтті.  Басқосуға  елге танымал ардагер жорналшылар, жазушылар, ақындар мен тарихшы ғалымдар және студент жастар қатысты. Дөңгелек үстелде ХХ ғасыр басындағы «Алаш» қайраткерлерінің еңбегі,  мерейлі жылдың тарихи маңызы негізгі әңгіме арқауына айналды.   Сол бағытта көпшілікке «Алаш» көсемдерінің өміріне қатысты деректі фильмдерден үзінділер көрсетілді. «Алаш Орда» үкіметі және «Алаш» ұлттық идеясының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен тарихи сабақтастықтары жайындағы пікір алмасулар өтіп,  көпшіліктің «Алаш» көсемдерінің сан қырлы қызметтері жайлы мағлұматтарының аясын кеңейте түсу ақпал жасады. Институт бұл шараны  облыстық мәдениет  басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығымен» бірігіп ұйымдастырды.