ОҚМПИ ректоры Оңалбай Аяшев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың қатысуымен өткен алқа мәжілісіне қатысты

28.02.17

ОҚМПИ ректоры Оңалбай Аяшев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың қатысуымен өткен алқа мәжілісіне қатысты

  Астана қаласында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың қатысуымен  ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Оған ОҚМПИ-ның ректоры Оңалбай Аяшев та қатысты. Бүгінгі таңдағы білім берудің жай-күйіне талдай жасаған министр мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтатын кез жеткенін айтты.  Қазір білім ұяларына  «Күнделік» атты жүйе енгізілуде. Оны 166 мың оқытушы мен 1 миллион 300 мыңдай оқушы, сондай-ақ 747 мың ата-ана пайдаланады. Баға мен түрлі тапсырмалар онлайн беріліп, тексеріледі.  Енді мектепте мүмкіндігіне қарай әр баланың жеке шкафы болады. Үй тапсырмасы аз берілетін болған соң көп кітабын осында қалдырады.  Ал мектепті бітіріп жатқандарға Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа жүйесі енгізілді.  Айталық, елдегі еңбек ететін азаматтардың жартысы жоғары білімді болуы керек. Қазір бұл көрсеткіш тек – 36 пайыз.  Ғылымды коммерцияландыру өз нәтижесін бере бастады. Былтыр түрлі коммерциялық ұйымдар ғылымға 1 миллиард теңге бөлген. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі балабақша салуда да жақсы нәтиже беріп келеді.