Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің жаңашыл әдістері

20.02.17

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің жаңашыл әдістері

Оқу ордамыздың ғылыми-зерттеу бағдарламаларын сараптау бөлімі Бастауыш білім және педагогика факультетімен бірлесе отырып «Халықаралық ғылыми байланыстар: өзекті мәселелері мен даму жолдары» атты ғылыми-әдіснамалық семинар өткізді. Семинарда  институтқа академиялық ұтқырлық аясында  мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу, инклюзивті білім беру мәселелері жан-жақты сөз болды. Басқосуға осы тақырыппен  айналысып жүрген Болгария Республикасының Бургас Еркін университетінің доценті Ицка Дерижан қатысты. Сондай-ақ  педагогикалық білім беру бағдарламаларын жоспарлау және  іске асыру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген Литвадағы Ұлы Витаутас атындағы университетінің  доценті Одета Норкуте де өз зерттеулерімен бөлісті. Ол  «Бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау» атты тақырыпта баяндама жасады.