Ғылыми жобаларды дайындау және іске асыру жолдары тақыланды.

20.02.17

Ғылыми жобаларды дайындау және іске асыру жолдары тақыланды.

Институтымыздың ғылыми-зерттеу бағдарламаларын сараптау бөлімі, химия және биология кафедралармен бірлесе отырып  «Халықаралық бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау және іске асыру жолдары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға Португалия,  Лиссабон Жаңа  университетінің PhD докторы, доцент  Светлана Борисовна Любчик қатысты. Ол  «Ғылыми жобаларды дайындау, үйлестіру және іске асыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Семинарға сондай-ақ Португалиядағы  Лузофона университетінің  доценті, PhD докторы Сергей Игоревич Любчик және Лиссабон Жаңа  университетінің  PhD докторы Андрей Игоревич Любчик  те сөз алып,  халықаралық жобаларға қатысу тәжірибелерімен бөлісті.