Ұстаздар бастауыш білім берудің өзекті мәселелерін  талқылады

17.02.17

Ұстаздар бастауыш білім берудің өзекті мәселелерін  талқылады

 Бастауыш білім және педагогика факультетіне қарасты «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының   аға оқытушылары  ф.ғ.к. Э.Б.Оразбаева,  п.ғ.к. А.Б.Ибашованың  ұйымдастыруымен   «Білім беруді жаңғырту жағдайындағы бастауыш сынып оқушыларын оқытудың өзекті мәселелері» атты республикалық онлайн-конференция өткізілді. Онлайн-конференцияға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Сырдария университеттерінің,  Көкшетау қаласындағы НЗМ ААҚ-ның педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, Қостанай  қаласындағы НЗМ ААҚ-ның педагогикалық шеберлік орталығының филиалы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданынының Свердловская атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы № 8 В.Комаров атындағы мектеп,    Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал  ауданы «Мырзакент» мектеп-гимназиясы, ОҚО «Өрлеу» БАҰО АҚФ ПҚБАИ оқытушылары мен әдіскер-мұғалімдері қатысты.