Қазақстанның үшінші жаңғыруы – таптырмас идея

16.02.17

Қазақстанның үшінші жаңғыруы – таптырмас идея

Ғылым араласпаған жерде өсу де, ілгерілеушілік те болмайды. Елбасы Жолдауындағы білім мен ғылым, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларына арналған тың тапсырмалар Оңтүстіктік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты ұжымының ойындағысын дөп басты. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға педагогтар фабрикасы атанған институт білек сыбана кірісіп кетті.

Президент жүктеген бес басымдықтың төртіншісі - адам капиталының сапасын жақсарту. Әлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай, үшінші жаңғыруды жүзеге асыру мүмкін емес. Ал, адами капиталдың ең өзектісі – білім. Болашақ - дамудың кепілі. Білім арқылы бәсекеге түсу, соның көмегімен озу - қай жағынан маңызды.

Ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия тілі. Жаңа экономиканың қатынас құралы. Қазір қолданысқа қажетті жабдықтың 90 пайызы осы тілде. Әр екі жыл сайын олардың көлемі 2 есеге ұлғайып отырады. Сондықтан, бүгінгі жас ағылшынша тіл сындырмай, Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайды.

Қазір нарықтық экономиканың қарыштап дамыған тұсы. Жолдаудағы екінші басымдық бизнес ортаны жақсартуға арналған. Бизнесі бекем елдің экономикасы екпінді. Елінің өзегін талдырмайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл – дағдарысқа қарсы маңызды тетік. Білім ордасының жаратылыстану бағытында білім беретін мамандар осы пікірде.  

Қазақстанның үшінші жаңғыруы – таптырмас идея. Бұл бағытты бағындырудан ниетті елдің басты жетістіктері алда!

Гүлсанат Қалмырзақызы /  «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы/