Ұстаздық-ұлы қызмет

15.02.17

Ұстаздық-ұлы қызмет

Тәуелсіздіктің төл құрдасы ретінде өзімнің ширек ғасырлық өмір жолымды баяндап бергенімді орынды деп санаймын. Азат елде туылып, Тәуелсіз елдің бейбіт күнінде 11 жыл мектепте білім алдым. Оны  үздік аяқтап жаңа арман көкжиегіне қадам басқаным әлі есімде. Оңтүстіктегі іргелі оқу ордасы - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға қабылданып,  білім теңізіне жолдама алғаныма да биыл  8 жыл уақыт толыпты. 2009-2013 жылдар менің өмірімдегі ең бір маңызды сәттерге толы болды.  Студенттік шағымда  үздік үлгеріміммен белсенді тірлігіммен танылдым.  Соның арқасында ақылы негізде оқудан мемлекеттік грант  ауыстым. Белсенді әрі үздік оқу үлгерімімді бағалаған ұстаздарымның қолдауыммен призиденттік стипендияға ұсынылдым. Оқу орнымыды аяқтар шағымда Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан  халықаралық «Болашақ» бағдарламасына үміткер болғанымды мақтанышпен еске аламын.  Ұстаздарымның үмітін ақтап , аталған стипендияға қол жеткізгенімде жалпы Ұстаз атауына деген алғысым шексіз болды.Өйткені ауылдан келген жас өренді студент қатарына қосып, білімге өнерге демеу берген ұлағатты ұстаздар еді.

     Енді міне, 80 жылдық тарихы бар киелі қара шаңырақ - ұстаздар мекені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздық етіп өмір жолымды жалғастырып келемін. Мемлекеттік білім ордасының жалпы Қазақ еліне, әсіресе оңтүстік жұртшылығына берері мол екенін осы институттың түлегі,  жас ұстазы ретінде де зор сеніммен айта аламын.

Себебі, Елбасының шешімімен  және де институтымыздың ректоры п.ғ.д.,профессор ,облыс мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшевтай ел ағасының қажырлы еңбегінің арқасында ғасырға жуық тарихы бар оқу орны қайта жаңғырып, танымастай түледі.

   Институт басшысының жастарға деген қамқорлығын мына бір қанатты сөзінен байқаймын. «Біздегі ең лауазымды тұлға ол-студент»  сөзі - шын мәнінде оқу орнымыздың ұранына айналды. Бұл сөзге жекелей куә бола жүріп,  (2013-2016) ОҚМПИ жастар саясаты бөлімінің басшысы қызметін атқарғаным мен үшін үлкен жауапкершілік жүктеді.

   Оқу орнымызға жыл сайын жастардың патриоттық рухын көтеретін ұлы тұлғалар: М.Жолдасбеков , Б.Тілеухан , Р.Рымбаева , М.Жұрынов , Н.Үсенбаева, Қ.Ислам тағы да басқа қайраткерлердің алдында еркін ойымды білдіріп, жүздесіп, әуелетіп ән шырқағанымды жеке азамат ретінде бақыт деп есептеймін.

Тәуелсіз еліміздің аспанында өзім туып өскен оңтүстігімде елімізге күн нұрындай шуақ шашқан ОҚМПИ да ұстаздық етуімді мақтан етемін. Алдағы уақытта оқу орнымның  абыройын паш ететін өнерлі студенттердің ортасында ұстаз болуға бар күш жігерімді саламын.

                                                                Ырысалды Атығаев

                                                                ОҚМПИ оқытушысы