Ерлік - ұрпаққа ұран

07.02.17

Ерлік - ұрпаққа ұран

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында «Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл» толуына орай студенттер бір топ Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Басқосуға қатысқан  Маделхан Тогаев, Аян Түймебеков, Иляс Өтеев бейбіт күнде мыңдаған отбасыға  қайғы мен қасіретті қабат алып келген қанқұйлы соғыстағы бастан өткергендерін баяндап берді. Жастар бірнеше жылға созылған қақтығысқа қатысты  тың деректермен  танысты. Олар Ауған соғысы туралы, ерлеріміздің ерлігі туралы олардың  өз аузынан естіп, ардагер ағаларының естеліктеріне қанықты. Қазіргі жастардың патриоттылығы туралы ойлар ортаға салынып, бейбіт заман батырларының бейнесі қандай болуы керек екендігі туралы сұрақтарына жауап алды.