Еуропа көгінде қазақтың күйі қалықтады

02.02.17

Еуропа көгінде қазақтың күйі қалықтады

Еуропаның Андорра қаласының аспанында тағы да  қазақтың ұлттық әуезі қалықтады. ОҚМПИ-ның екі бірдей өкілі  музыкалық интернет-байқаудың бірінші орнын жеңіп алды. Олар: білім ордасының оқытушысы Айман  Қарсыбаева мен институт студенті Сәбит Еркебұлан.  Талантты өнерпазымыз Айман байқауда  Тілептің "Бақсы" күйін қобызда асқан шеберлікпен орындады. Ал шәкірті  Ықыластың "Шыңырау"  күйін  нәшіне келтіре орындады.  Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқауға бұл жолғы 20 өнерпаз қатысып,  өз  ұлтының этно шығармашылығын Еуропа тыңдарамынына ұсынды. Біз елге  жүлдемен оралған өнерпаздарымызды табыстарымен құттықтаймыз!