Елге бағдар беретін басты құжат

02.02.17

Елге бағдар беретін басты құжат

"Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік." ҚР Президентінің биылғы Жолдауын ОҚМПИ-ның ұжымы да талқылап, ондағы айтылған негізгі міндеттерді  іске асыру жайын  нақтылады. Басқосуда алғаш болып сөз алған институттың оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Баршагүл Исабек "Жолдау-Қазақстанның жаңа даму дәуірін айқындайтын бағдарлама" тақырыбында баяндама жасады. Ел дамуының Жолдауда көрсетілген басым бағыттарына тоқталып, оны егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сондай-ақ тарихшы мамандар жиында стратегиялық құжаттағы әлеуметтік бағдарламалар кешені, мемлекетті қайта жаңғырыту жолдары, жастар саясатына байланысты  айтылған бөлімдеріне де талдау жасады. Басқосуды қорытындылаған оқу ордасының басшысы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев "Жолдау-бағдаршам" тақырыбында өз ойын ортаға салды.