ОҚМПИ жастары G-global-ды қолдайды

01.02.17

ОҚМПИ жастары G-global-ды қолдайды

     2016 жылдың 1-қарашасынан бастап республикалық «Жастар G-global-ды қолдайды» атты байқау  басталды. Бұл шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Онда 4 аталым бойынша жүлде тағайындалған: үздік жарияланым, үздік бейне-таныстырылым, үздік инновациялық жоба, үздік блогер және G-Global алаңшасын белсенді қолданушы. Жалпы бүгінгі таңда G-global – кез келген ғаламтор желісін  пайдаланушының түрлі зият­керлік жұмыстарға, сараптамалық шолуларға, пікір­таластарға, бизнес жобалар мен сауалнамаларға қатысуына мүм­кіндік беретін көпфункциялы алаң. Содай-ақ оған қатысушылар  ғылыми және іскерлік қызығушылық саласында ынтымақтастық орната алады. Бүгінде сұхбат алаңы 160 елдегі 2,5 миллионнан астам пайдаланушылардың басын қосқан.  Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының жастары мен  оқытушы-профессорлар құрамы да  жаһандық ақылдастық алаңында   белсенділік танытып келеді. Сондықтан сіздерді осы конкурсқа қатысуға және  Global алаңшасында бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз!