Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған үндеу – ұрпақ болашағына арналған маңызды саяси бастама.

26.01.17

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған үндеу – ұрпақ болашағына арналған маңызды саяси бастама. Үндеу – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шарасындағы «Мәңгілік Елге» бастайтын абыройлы да, мәртебелі бағыт. Бұл ұлтымыздың ұлы бағдары, шаттық шамшырағы. Бас миссия – түбегейлі Конституциялық реформа жасау. Мақсат – демократиялық даму жолындағы билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта нақтылау. Негізгі реформа – Үкімет пен Парламенттің жаңа формациясын қалыптастыру. Бірінші, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке
беру. Екінші, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Бұл қадам – жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқаруды нығайтады. Ұлттық мұраттар мен құндылықтарға негізделген осы бастама келешектің келісті келбетінің айнасы.
 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

педагогикалық институтының ректоры,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшев.