Тарихшылар үшін жаңа пән енгізілді

25.01.17

Тарихшылар үшін жаңа пән енгізілді

2016/2017 оқу жылында тарих кафедрасында білім алатын 4 курс студенттері үшін жаңа "Мектептерде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру негіздері" атты пән енгізілді. Оқу бағдарламасын түзген институтымызда ұстаздық ететін тарих ғылымының кандидаты Т.М. Руяткина. Оның бұл бастаманы қолға алуына Елбасы Н. Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Еңбек қоғамына қарай 20 қадам" бағдарламасынан туындайтын міндеттер негіз болды. Жаңа оқу бағдарламасы бойынша  шәкірттер теориялық біліммен қатар өлкетану жұмыстарына қатысып, тәжірибе жинақтауына мүмкіндігі болады. Мәселен,  институт студенттері оқу жылының басында Доңқыстау шатқалына саяхат жасады. Сондай-ақ Шымкент қаласының ежелгі қорғанына, облыс орталығындағы  №23 Зоя Космодемьянская атындағы мектеп-лицейінің мұражайында болды. Саяхат жасаған осы орындар бойынша студенттер шығармашылық жұмыстар жасады. Есеп түзді. Бұл жұмыстар пәндік сынақтың негізін құрады.