Үш тілділік-заман талабы

16.01.17

Үш тілділік-заман талабы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты "Сәлем-ағылшын жобасының орталығы" қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып, білім беру жүйесінде үш тілділікті дамытуға байланысты  семинар тренинг өткізді. Оған  білім ордаларындағы әр түрлі тілде оқытылатын топтарға дәріс беретін оқытушылар қатысты. Басқосуда  олар "Арнайы пәндерді оқытуда ағылышын тілін қолдану" тақырыбын талқылап, оның әдістемесін үйренді.  Семинар тренингке ағылшын тілі орталығының бас әдіскері Татьяна Драганова бас спикер ретінде қатысты.