Cтуденттер Ригаға аттанады

12.01.17

Cтуденттер Ригаға аттанады

ОҚМПИ-да білім алатын 10 студент әңгімелесу бойынша қатаң сынақтан өтті. Енді олар демалыстан келген соң білімдерін Латвияда жалғастыратын болады. Олар тарих, ағылшын тілі, информатика мамандығын игеріп жатқан талапты жастар.  Білім ордасы осымен үшінші жыл қатарынан осылайша үздік шәкірттерді Балтық халықаралық Академиясына оқуға жіберіп келеді. Іріктеу комиссияның басты талабы - студенттердің  ағылшын тілін еркін меңгеруі. Сондай-ақ олардың оқу үлгерімінің жақсы болуы мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі де ескеріледі.