Құттықтаулар

21.10.15

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік пеадгогикалық институты

Филология жоғары мектебі Тіл білімі кафедрасы Тіл білімі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы студенттердің 2014 жылғы ғылыми жұмыстары қорытындысы бойынша нәтижелі көрсеткішке ие болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен студенттердің ғылыми жұмыстар байқауында Тіл білімі кафедрасының оқытушылары жетекшілік еткен төмендегі студенттер марапатталды:

Шәріпбек Феруза - 5В011700 –Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 11712 к оқу тобы студенті. Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Пазылова А.С. Тақырыбы: Мезгіл бағыныңы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу ерекшеліктері (М.Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасынан). Ф.Шәріпбек ҚР БжҒМ ақшалай сыйлықтың иегері.

Алиева Надя Әбдухалыққызы – 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 12112 оқу тобы студенті Ғылыми жетекшісі - ф.ғ.к, доцент Құрбанов А.Г. Тақырыбы: Қазақ тіліндегі жаңа қолданыстардың жалпы сипаты Н.Алиева ҚР БжҒМ ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Муриенко Анна – 5В011800 –Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 11880 оқу тобының студенті Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., доцент Нарожная В.Д. Тақырыбы: Цвет как показетель национального в костюме А.Муриенко ҚР БжҒМ ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Жақабай Нұрай – 5В011800 –Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 118-82 оқу тобының студенті Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., доцент Нарожная В.Д. Тақырыбы: Гендерный аспект изучения невербальной коммуникации Н.Жақабай Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткізілген «ХХI ғасырдағы орыс тілі: жас ғалымдар зерттеуі» атты студенттердің ІІ халықаралық ғылыми конференциясында ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Айтураева Дана Ниязбекқызы – 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс 117-13 оқу тобының студенті Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Молдалиева Д.А. Тақырыбы: Абай Құнанбаев шығармаларындағы фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстары сайысында ІІІ орын иеленді. Марапат иегерлерін құттықтаймыз!