Үш тілділік-бәсекеге қабілетті ұлт болудың негізі

22.12.16

Үш тілділік-бәсекеге қабілетті ұлт болудың негізі

ОҚМПИ-да осындай тақырыпта ғылыми практикалық конференция өтті. Басқосуға оқу ордасының ұстаздарымен қоса конференция қонақтары да белсене қатысты. Мәселен, Түркия универстиетінің магистрі Эрджиес Махмут Кауалти "Қазіргі заманғы білім жүйесі" тақырыбында қызықты баяндама оқыды. Ғылыми еңбекте мектепке дейінгі тәрбие ісіне айырықша мән берілген. Ал ОҚМПИ-ның доценті Б. Баймұсаева еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептері туралы өз көзқарасымен бөлісті. Оның айтуынша қазір Қазақстандағы тап осы оқу орындарында ғылым-білімге жүйрік, интелкітісі аса жоғары ұрпақ тәрбиеленуде. Конференция аясында ұйымдастырылған секциялық жұмыстар да мағыналы өтті. Бұл жерде негізінен балаларға ерте жастан ағылшын тілін меңгерту, аударма ісіндегі олқылықтар, электронды кітаптарды пайдалану жайы сөз болды.